«Бауырсақ пати» байқауы өтті

0 128

Бауырсақ – қазақ дастарқанының басты наны. Олардың “ши бауырсақ”, “қатырма бауырсақ”, “шелпек”, т.с.с. бірнеше түрі бар, себебі бауырсақ – қиялыңыз жеткенше көсілуге ерік беретін, әрі дайындалуы қарапайым тағам. Кей жерлерде бауырсақты “тоқаш” деп те атайды.
Қазақта «Ас — атасы нан»деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді.
Міне, 22 Наурыз — Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай, Жаңатас көпсалалы колледжінде «Бауырсақ пати» байқауы өтті. Байқауға 5 команда қатысты.
Атап айтар болсақ:
1. «Колледж әкімшілігі»
2. «Арнайы техникалық білім беру пәндері»
3. «Арнайы технологиялық білім беру пәндері»
4. «Жалпы білім беру пәндері»
5. «Кіші қызметкерлер»
Қатысқан командаларға «Біріккен кәсіподақ комитеті» қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.