Балуанның бұрышы

0 27

Мәскеу Олимпиадасының алтын медаль иегері, грек-рим балуаны Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданына қарасты Дихан ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Мәскеудегі Олимпиада ойындарында 48 килограмм салмағында чемпион атанып, 1981 жылы әлем біріншілігінде алтын медаль иеленген атақты спортшы – байзақтықтардың мақтанышы.

Бүгінде балуан туған өңірде Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебі бар. Онда  сан мыңдаған ұл-қыз спортпен шұғылданып, биік ареналарда өнер көрсетіп жүр.

Осынау ұлы тұлғаға құрмет ретінде аудандық тарихи-өлкетану музейінде де арнайы бұрыш ашылған. Бұрышта әйгілі грек-рим балуаны Ж.Үшкемпіровтың жеке заттары, фотосуреттері, кітаптары қойылған. Жәдігерлердің ішінде Жақсылық Әмірәліұлы алғаш жарыстарға шыққан кезде киген ақшыл-сұр түсті костюм-шалбары да бар. Спортшының осы және өзге де тұтынған заттарын ерекше қызығушылықпен қарап, тамашалайтын музейге келуші көпшілік жастар «ертең мен де Жақсылық атамыз сияқты күресші боламын. Елімнің атын әлемге танытамын» дейді.

 

Айдана Шотбасова,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.