Байзақтық тұрғындардың мәселелері тыңдалды

0 78

Бүгін республикалық қоғамдық қабылдау Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз және Байзақ ауылдарында өтті.

Шараға Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Алпамыс Әбенов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков пен облыс әкімдігінің басқарма басшылары, аудандық бөлім басшылары қатысты.

Қабылдау шарасы алдымен 6 мыңнан аса тұрғыны Қызыл жұлдыз ауылында өтті. Тараз қаласының жаңа бас жоспарына сәйкес, Байзақ ауданынан 3 ауыл қала құрамына кіретін болады. Сол ауылдың бірі осы Қызыл жұлдыз ауылы. Сондықтан мұндағы жұртшылық ауылдағы шешілуі тиіс бірқатар мәселелер шешілмей қалама деп алаңдаулы.

Мәселен, 15 жылдан бері жөндеу көрмеген Қ.Тортаева, К.Мырзакулов, М.Нұрбаев көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу. Дегенмен ауыл әкімдігі тарапынан ауданның экономика және жоспарлау бөліміне 128 млн теңгеге сметалық құжаттар жасалып, сұраныс беріліпті. Бірақ, бұл нақты жұмыс жасалады деген сөз емес. Бірақ, үнемделген қаржы есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Тағы өзекті мәселе ауыл аймағындағы бейітке жер қарастыру. Бұл жұмыстар бойынша Тараз қаласы әкіміне жер сұрастырып, хат берілген. Алдағы уақытта нақты шешімдер шығарылу қажет.

Келесі кезекте Байзақ ауылы тұрғындарының талап, тілегі тыңдалды. 7 мыңнан астам тұрғыны бар бұл ауылда шешілуі тиіс мәселелер баршылық. Соның ең негізгісі көп жылдан бері айтылып келе жатқан питомник. Ондағы тұрғындар ит асырайтын орыннан қолқаны қабатын иістен әбден зәрезап болған. Қорқыныштысы, питомниктен шығып кеткен иттер мектеп жасындағы балалар үшін қауіп төндіруде.

Сондай-ақ, ауылда ағын су мәселесі де күн тәртібінде. Бұдан өзге, ауыл халқы субсидия алу, клубқа жөндеу жұмыстарын жасау, интернеттің сапасыздығы туралы мәселелер көтерді.

Тұрғындар көтерген проблемалардың барлығын партия назарына алынды. Алдағы уақытта тиісті мекемелерге ұсыныстар беріліп, оң шешілуін назарға алынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.