Байден: Егер Навальный өлетін болса, Ресейге қиын болады

0 93

АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальный түрмеде өлетін болса, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасы бұзылатынын мәлімдеді. 

Америка басшысының сөзінше, ресейлік оппозиционер өлетін болса бұл Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады.

«Бұл трагедия болады», – деді Байден Брюсселде өткен баспасөз конференциясында. АҚШ президентінің сөзінше, «бұл басқа елдермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді». «Менімен де»,  – деді Байден.

Айта кетейік, бүгінде Навальный колонияда. Ол үйқамақта жатқан бір жылын ескергенде жалпы режимдегі колонияда 2,8 жыл болады.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.