«Бәйбіше»: AZ Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялады

0 272

Ерке Есмахан мен 91 тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевтың ара-қатынасы соңғы кездері жиі талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Көпшілік олардың бірге екеніне әлі де сене алмай жүр. Ал бұл ретте Азамат Зенкаев Instagram-дағы парақшасында жұбымен түскен суретін жариялады.

Фотодан жұптың арасындағы махаббат сезіледі. Әрі AZ сурет астына ерекше жазба қалдырды.

“Baby-she sol Bäibіşe”, – деп жазды рэпер.

Жазбаны көрген желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі бақыт тілеп жатса, екіншілері көргендеріне сене алмай жатты.

“Бастысы сіз бақытты болсаңыз болды”, “Жылайын ба, күлейін бе?”, “Сонда тоқал да бола ма?”, “Шок”, “Бомба болды”, “Өте керемет жұм”, – деп жазды олар.

Бұған дейін, Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев некесін қиғаны туралы айтылды. Жұлдызды жұп ерлі-зайыпты атанды. Алайда қуанышты жаңалықты қос әнші де көпшілікке жария еткен жоқ.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.