Автобус бағанаға соғылды: зардап шеккендер арасында балалар бар

0 238
Павлодарда автобус бағанаға соғылды.
«Бүгін сағат 07:43-те №38 маршруттық автобустың 44 жастағы жүргізушісі Торайғыров көшесімен келе жатып, Академик Бектұров көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жарық бағанасы, жол белгісі және жарнама тақтайшасына соғылған. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға жатқызылды. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі ішімдік ішпеген.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.