Ауылым – алтын бесігім

0 77
Ауылым –алтын бесігім
Саудакент ауылының көркемөнерпаздары келешек жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, жас талант иелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, мәдени мұраларымызды қастерлеуге үйрету мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
🔰 Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің қатысуымен өткен іс-шарада ұлттық музыкамызды ұлықтайтын «Өрлеу» фольклорлық ансамблінің орындауындағы Құрманғазының «Адай», Түркештің «Көңіл ашар» күйлері күмбірлеп, «Туған жер», «Жаса, қазағым», «Ауылым», «Қазағым» патриоттық тақырыптардағы әндер шырқалды.
📌«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын аясында ұйымдастырылған концерттік кеште Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әншілері мен «Қазына» би тобының бишілерінің өнерлері көпшілікке жарқын көңіл-күй сыйлады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.