Ауылдарда су да, газ да бар

0 128

Жамбыл облысында Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен брифингте айтып берді.

Айталық, ағымдағы жылы 4482 пәтерлі 76 тұрғын үй салынуда десек, жыл аяғына дейін 2 902 пәтерлі 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бүгінге дейін 204,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген десек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға артық. Жыл қорытындысымен 651 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда.

Ал, жол саласын дамытуға 12,4 миллиард теңге бөлінген. 424,8 шақырым жол салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 90 пайыздан 93,3 пайызға, елді-мекен көшелері 77,2 пайыздан 79,2 пайызға артады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, тұрғындарды таза ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да – басты назарда. Атап айтсақ,  жыл соңына дейін 44 мың тұрғын тұратын 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 88,7 пайызға жетпек.

Сол секілді 20 елді мекенге газ тартылып, газдандырылу үлесі 83,8 пайызды құрамақ. Осылайша 257 елді мекендегі 953 мың жамбылдықтың көгілдір отын қолы жететін болады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.