Атырауда төленбеген 250 млн теңге мүлік салығы өндірілді

0 6

istockphoto.com
Облыс прокуратурасы салық төлеушілердің мүлік салығын есептеу кезінде салық салу базасын төмендету деректерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жосықсыз салық төлеушілер салық жүктемесін азайту мақсатында декларацияларда салық салу базасын анықтауға әсер ететін бұрыс (нақты емес) мәліметтерді көрсеткен, бұл салықтың толық төленбеуіне әкеп соқтырған.

Мәселен, «М» ЖШС 2025 жылы объектінің алаңын 14 700 шаршы метр деп есептеп, 9,2 млн теңге көлемінде мүлік салығын төлеген, ал «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мәліметтеріне сәйкес объектінің нақты алаңы 28 827,3 шаршы метрді құрайды.

Салық салу базасын төмендету нәтижесінде салықтың жетіспейтін сомасы 8,5 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

Осындай заң бұзушылықтар тағы 63 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша анықталып, бүгінгі таңда бюджетке 250 млн теңгеден астам қаражаттың өндірілуі қамтамасыз етілді.

Мұндай заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285042-atyrauda-tolenbegen-250-mln-tenge-mulik-salygy-ondirildi

Leave A Reply

Your email address will not be published.