АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0 29
Кеше Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі төралқа отырысы өтті.
2026 жылғы 10 маусымда Мелс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының көшпелі отырысы өтті.
Жиынды Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы Солтыбаев ашып жүргізіп отырды. Оған облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Тараз және Шу қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аудандық ардагерлер кеңестерінің жетекшілері мен белсенді ардагерлер қатысты.
Төралқа отырысының күн тәртібінде республикалық “Ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің 11 ші сьезінің шешімінен туындайтын ардагерлер ұйымдарының қызметін жетілдіру, әлеуметтік қолдау жұмыстарын күшейту және ұйымдық мәселелерге қатысты бірқатар өзекті тақырыптар қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы Солтыбаев баяндама жасап, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XI съезінде қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды. Ол съезд шешімдерінің маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасады.
Сонымен қатар ардагерлер ұйымдарының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы, жастар тәрбиесіндегі ақсақалдар институтының рөлін күшейту және ауылдық жерлердегі бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру мәселелері көтерілді. Алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарына тиісті ұсыныстар берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қонысбай Қуандықұлы Ильясов сөз сөйлеп, «Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Ол жыл басынан бері өткізілген кездесулердің, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің және қоғамдық іс-шаралардың нәтижелеріне жан- жақты тоқталып, ардагерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік мәселелерін шешу және қоғамдық белсенділігін көтеру бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.
Баяндамашы сондай-ақ жыл соңына дейін жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, өңірлерде кездесіп отырған өзекті мәселелерді шешу жолдары жөнінде ұсыныстар айтты. Төралқа мүшелері жобаның тиімділігін арттыруға қатысты пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар енгізді.
Үшінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, «Ғұмыр-Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Милионов 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқанының барысы туралы баяндама жасады. Ол облыстық ардагерлердің төл басылымы саналатын газеттің ардагерлер қозғалысының тыныс-тіршілігін насихаттаудағы маңызын атап өтіп, аудан-қалалардағы жазылу көрсеткіштеріне талдау жасады.
Жазылу жұмыстарының орындалу деңгейі жан-жақты талқыланып, кейбір өңірлердегі көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. Газеттің таралымын арттыру және әрбір бастауыш ардагерлер ұйымында жазылуды толық қамтамасыз ету мақсатында нақты міндеттер жүктелді.
Күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланғаннан кейін төралқаның тиісті қаулысы қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары белгіленді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің XI съезінің шешімдері негізінде Тараз қаласында құрылған «Жібек жолы» және «Әулиеата» аудандық филиалдарының төрағаларына ағымдағы жылдың 18 мамырындағы съезде қабылданған №8 қаулыға сәйкес заңды құжаттары салтанатты түрде табысталды.
Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы Солтыбаев Тараз және Шу қалалық, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағаларына осы уақытқа дейін атқарған жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді. Ол ардагерлер ұйымдарының қоғамдағы беделін арттыруға, аға буын өкілдерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестерін жоғары бағалап, облыстық ардагерлер кеңесінің атынан бағалы сыйлықтар тапсырды.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да ардагерлер қозғалысының жұмысын жандандыруға, ұйымдардың қызметін жаңа деңгейге көтеруге және қоғам игілігі жолындағы бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын жеткізді.
Төралқа отырысы ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған маңызды міндеттерді айқындап, олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдаумен қорытындыланды.
Сондай- ақ, жиналғандар облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы Әкелер кеңесінің “Рухтың күші — ӘКЕДЕ!” облыстық форумына қатысты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.