Ақтөбеде үйлердің бірінде әйел адамды ұрып тастаған күдікті ұсталды

0 308
Ақтөбелік полицейлер үй кіреберісінде әйел адамды ұрып тастаған 33 жастағы ер адамды ұстады

Оқиға 26 сәуірде сағат 16:30 шамасында болған. Белгісіз ер адам Ақтөбедегі №12 ықшамаудандағы үйлердің бірінде әйел адамның артынан келіп, жерге құлатып, ұрып тастаған.

«Ақтөбе ҚПБ №2 қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, сол ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде күдікті анықтап, ұстады. Ол Хромтау ауданының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сол күні мас күйде болғанын және ештеңе есінде жоғын айтты», — деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

 

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.