Ақмола полицейлері жатақханадан қашып кеткен екі студент қызды іздестіруде

0 284

Ақмола полицейлері жатақханадан қашып кеткен екі студент қызды іздестірді,.

2021 жылдың 19 мамырда сағат 17:38-де Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласындағы жергілікті колледждердің бірінің директор орынбасарынан 18 мамырда колледж жатақханасынан бірінші курс студенттері: 17 және 15 жастағы кәмелетке толмаған қыздар жоғалып кеткендігі туралы арыз келіп түсті.

Жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау туралы өтініш түскеннен кейін оларды іздеу бірден басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларына 30-дан астам полиция қызметкері қатысты.

Нәтижесінде жеті сағат іздеуден кейін полиция қыздардың орналасқан жерін анықтай алды. Олар Көкшетау қаласындағы саяжай кооперативтерінің бірінде достарымен болған. Қыздармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларға қауіпсіздік шаралары туралы үнемі түсіндіріп, оларды ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керек екенін еске салады.

Жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнату, олардың қарым-қатынас шеңберін білу және жас ерекшеліктеріне шынайы қызығушылық таныту, баланың мінез-құлқының өзгеруіне назар аудару керек.

polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.