Ақан Әбдуәлиев Мәдениет министрлігінің жаңа комитетінде басшы болды

0 401

Ақан Әбдуәлиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Әбдуәлиев Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ақтоты Райымқұлова ұжымға комитеттің жаңа басшысын таныстырып, алдағы қызметіне табыс тіледі», — делінген хабарламада.

Ақан Әбдуәлиев 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Құрманғазы «халық әні» мамандығы бойынша, 2012 жылы — Алматы Экономика және статистика академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Талдықорғанда Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі ретінде бастаған. 2003-2004 жылдары «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында әнші-аспапшы, 2005-2007 жылдары Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, 2007-2008 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2015 жылдары — А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РММИ директорының орынбасары, директоры; 2009-2015 жылдары — Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «дәстүрлі орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі; 2015-2016 жылдары — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 2016-2018 жылдары — Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; 2018-2019 жылдары — Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып қызмет еткен.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.