Аппараттық кеңесте айтулы мәселелер қаралды

0 114

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде инвестиция мен өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында атқарылған шаралар, қала және ауылдық округтерде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге берілген жер учаскелерінің тиімді пайдалану барысына жасалған зерделеу жұмыстарының нәтижесі, мерзімді әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы мәселелер қозғалды.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауданның негізі капиталына салынған инвестицияның көлемі 14 млрд. 419 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың 7 айымен салыстырғанда (13 млрд. 158 млн. теңге) 105,4 пайызға орындалған.
Инвестиция көлемін жоспарлау үшін талдау жұмыстары барысында кәсіпорындардың өздері ұсынған болжамдық мәліметтері жинақталып, анализ жасалған.
Аудан бойынша жалпы құны 923,7 млрд. теңгеден асатын 2021-2025 жылдар іске асырылуға жоспарланса, оның ішінде 2023 жылы 3 жоба іске асырылады деп күтілуде. Олар «QazaqSoda», «Kazchemtrading» , «Шоқпар ЖЭС» жауапкершілік шектеулі серіктестіктері. Осы ірі жобалар жүзеге асырылса өнеркәсіп өнімінің өсімі 2,4 пайыздан 6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 1,7 пайыздан 6,5 пайызға артып, жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр.
Жаңатас қаласы және 9 ауылдық округтерде 2022-2025 жылдары іске асырылуы тиіс жоспарланған 40 шағын зәкірлік жобалар жасалынып облыстық басқармамен бекітілген болатын. Жоба құнына 784 млн. теңге қарастырылады деп күтілуде. жоба аясында азық-түлік супермаркеті, өзіне-өзі қызмет көрсетілетін көлік жуу орны, кондитерлік цех, ағаштан ұлттық бұйымдар жасау цехы, бөдене құсын өсіру фермасы, сүт өңдеу цехы, мал бордақылау алаңының ашу, шаштараз ашып, азаматтарды жұмыспен қамту көзделген.
Тұрғын үй құрылысын салу үшін аудан бойынша бөлімге ағымдағы жылы 314 өтініш тіркеліп, оның 202 өтінішіне сәйкес жер таңдау актісі әзірленді. 202 актінің 112-сі 3 (үш) жылдық мерзімге әзірленіп, өтініш иелеріне, қалған 100 жер таңдау актісі жер коммиссиясына ұсынылды (бау-бақша және қосымша жер).
Жер таңдау актісі әзірленгенімен, келісім шарт негізінде жерді 3 жылға уақытша өтеулі мерзімге қолдануға берілген болып саналады.
Бөлім тарапынан зерделеу нәтижесінде 4 шағын ауданнан берілген 34 жердің 13 салынып, 1 фундамент қаланғаны, 5 шағын ауданнан берілген 60 жерде 11 үй салынғаны анықталды.
Сонымен қатар, биыл мерзімдері өтетін 4 және 5 шағын ауданы берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, жер кезегінде тіркелген азаматтарға берілетін болады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.