Анасын, жиенін және қонақтарды өлтірген ер адам жындыханаға жатқызылды 🥲

0 57

Сұмдық жағдай Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған.
2026 жылдың наурыз айында айыпталушы мен оның жиені арасында ұялы телефонның бұзылуына байланысты жанжал шыққан. Жиені полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары келгеннен кейін тараптар татуласып, анасы ұлына қатысты шара қолданбауды сұраған.
Алайда полицейлер кеткен соң ер адам ашуға мініп, асүй балтасымен үйде болған адамдарға бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан оның анасы, жиені және қонаққа келген екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың үшеуі зейнеткер болған.
Сот-психиатриялық сараптама айыпталушының параноидты шизофрения түріндегі созылмалы психикалық дертке шалдыққанын анықтады.
Ол 2022 жылы да мәжбүрлі психиатриялық ем қабылдаған екен.
Жамбыл- Тараз Қоғамдық Газеті

Leave A Reply

Your email address will not be published.