«Amanat» партиясының жалауының саудасы қызуда

0 380

Алматыда Amanat партиясының жалауының саудасы қызып жатыр.

Сатушының айтуынша, жалауды алматылық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұзындығы екі метр, ені бір метр болатын ақ жалауды 20 мың теңге сатып алуға болады. Жалаудың шетіне еліміздің мемлекеттік Туындағыдай алтын түстес шашақ жабыстырылып, қақ ортасына партияның эмблемасы жапсырылған.

Бәрі сатып алып жатыр. Тапсырыс берген қалаңызға дейін жеткізіп береміз. Сапалы тігілген, ұзақ жыл қызмет етеді,

— деді ЭК тілшісіне сатушы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.