Алматыда өліктерді өртейтін крематорийдің құрылысы аяқталды

0 580

Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

«Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда»,- деп жауап берді қала әкімдігінен ҚазАқпарат жолдаған сауалға.

Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйтті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.