Алматыда «Ең сұлу қой» байқауы ұйымдастырылмақ

0 386

Алматы облысында ең сұлу қойды таңдауға арналған байқау өтеді. Оған өңірдің барлық фермері өз жануарларын қатыстыра алады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл ақпарат «Вечерний Талдықорған» газетіне жарияланды. «Ең сұлу қой – 2022» байқауына жануарды қатыстыру үшін иесі 10 мың теңге міндетті жарна төлеуі шарт. Ал байқаудың жалпы жүлде қоры ең әдемі қойдың иесіне табысталады.

Басқа байқаулар сияқты, мұнда да ең тартымды жануарды қазылар алқасы анықтамақ. Финалы шілде айына жоспарланған көрінеді.

Видео осы жерде: https://www.instagram.com/p/CbtsoylDjIw/

Leave A Reply

Your email address will not be published.