Алматы облысында қатты сел жүрді: қаза тапқандар бар

0 754

Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қаза тапты.
Текелідегі селдің қатты болғаны сонша, лай су қала көшелері мен үйлерді бүлдірген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
«Сағат 12: 00-де Қонаев көшесі бойынша 350, 348 үйлер ауданында топырақтың қатты ылғалдануы нәтижесінде көшкін жүріп, тұрғын үйлерге балшық басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы хабар-ошарсыз кеткен. Кейін қыздың өлі денесі табылғаны белгілі болды.
Жергілікті атқарушы органдар мәселені жою жөнінде жедел штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшірілетін болады», — деп нақтылады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Әзірге оның өміріне қатысты нақты ақпарат жоқ. Селден қандай шығын келгені әзірге белгісіз.
Оқиға орнында мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.