Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткені хабарланды

0 371
Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев қызметінен кеткен болуы мүмкін. Бұлай деп журналист Михаил Козачков телеграм каналында хабарлады.
«Талдықорғаннан Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті деген ақпарат келіп жатыр. Бұған дейін оған тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда болған-болмағанына байланысты сұрақтар бар екені туралы хабарланған» деген ол Күдебаевты Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров ауыстыруы ықтимал екенін мәлім етті.
Сондай-ақ ол келесіде Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов жұмыстан қуылатыны туралы ақпарат шыққанын атап өтті.
Kaztag ақпарат агенттігі өз дереккөздері ақпаратты растағанын жазды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.