Әлеуметтің әлеуеті артып келеді

0 8

Шу ауданында әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың сегіз айында кешенді жұмыстар жүргізіліп, көмекке мұқтаж тұрғындардың көптеген қажеттіліктері өтелген. Мемлекеттік қолдаудан бөлек демеушілерді тарта отырып та ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылған.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген мәліметке сүйенсек, 2021 жылдың 1 тоқсанында аудандағы жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге демеушілер есебінен 671 азаматқа 12,0 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Оның ішінде 555 адамға 7,4 миллион теңгеге азық-түлік себеті, 116 балаға 4,6 миллион теңгеге киім-кешек алынған.

Аудандағы жеке кәсіпкерлерді тарта отыра 32 жалғызбасты қарттар/мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі 110 балаға және аудандық оңалту және бейімдеу орталығына баратын мүмкіндігі шектеулі 24 балаға 5,0 мың теңге көлемінде барлығы 830,0 мың теңгеге азық-түлік себеті берілген. «Қызыл қызылша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың наурыз айында 116 мүгедек балаға 40,0 мың теңге (барлығы 4,6 миллион) көлемінде аяқ киім алып беріп, көптің алғысын арқалаған.

– Сонымен қатар бөлім 168 мүгедек балаға, 110 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді. Оларға демеушілердің есебінен киім-кешек, азық-түлік түрінде көмек көрсетіліп отырады.

Мамыр айындағы мереке күндеріне орай демеушілер есебінен аудандағы жағдайы төмен 200 азаматқа/азаматшаға  азық-түлік себеті берілді. 2021 жылы бөлімге 1690108,0 мың теңге қаралған, оның 243232,6 мың теңгесі игерілді.

Аудан бойынша 2021 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 6 500 адамға 467 миллион 179 мың теңге, кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 4 225 адамға 124,3 миллион теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысымен 753 отбасындағы 3760 адамға 130 миллион 635 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде 198 отбасына немесе 794 адамға шартсыз көмек, 555 отбасына немесе 2966 адамға шартты көмек тағайындалды.

Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек)алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 498 адам (67,1 пайыз).

1-6 жасқа дейіңгі 1000 балаға 29,2 миллин теңге көлемінде кепілдірілген әлеуметтік пакеті таратылды, – дейді аталған бөлім басшысы Гүлмира Амангелдіқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.