Әлеуметтік сала әлденіп келеді

0 31

Т.Рысқұлов ауданында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 909,5 миллион теңге қаражат бөлініпті. Жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне (22224 теңге) жетпейтін 946 отбасының 5 мың 89 адамына 99,5 миллион теңге тағайындалып, төленіпті.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 401,0 миллион теңге қаралса керек. Бұл көмек негізі атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына беріледі екен. Оның ішінде қаңтар айында 997, ақпанда 1004, наурызда 962, сәуірде 792, мамырда 815 балаға осы көмек берілген. Ал тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы 1 тоқсанда 962 балаға, сәуір және мамыр айларына 839 балаға таратылып беріліпті.

– «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 11267,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражаттың бүгінгі күнге 2816,0 мың теңгесі игерілді. Ағымдағы жылы 50 адам дәнекерлеуші, аспазшы, тракторист, автослесарь мамандықтары бойынша оқуға жолданды.

Бағдарламаның ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша биылғы жылға 94 азаматқа несие және 200 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 маусымына микрокредиттік серіктестіктер арқылы 65 адам (244200,0 мың теңге) шағын несие алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 140 азаматқа (81676,0 мың теңге) мемлекеттік грант берілді. Ал, Бастау-Бизнес жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуына 240 азаматты оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы 115 адам оқытылды. Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Бұл бойынша, яғни «Жастар практикасына» биылғы жылға 100 жас маманды жұмысқа жіберу жоспарланып, 43755,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 57 жас маман жұмысқа жолданып,10668,0 мың теңге қаражат игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 18860,0 мың теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 90 азамат жұмысқа жолданды. Бөлінген қаражаттың 6212,0 мың теңгесі игеріліп отыр, – деді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Аудан әкімінің айтуынша, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 440003,0 мың теңге қаражат бөлініп, 698 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған екен. Бүгінде 550 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, бөлінген қаражаттың 102000,0 мың тесі мақсатты жұмсалған. Ал тұрақты жұмысқа 543 жұмыссыз азамат орналасыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.