Алдымен әйелін, кейін өзін өлтірген: Қарағанды облысында жантүршігерлік жағдай болды

0 602

Бұқар Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылында 35 жастағы әйел қайтыс болды. Күдікті алдымен әйелінің хабар-ошарсыз кеткенін айтып, полиция қызметкерлерін алдаған. Кейін өз-өзіне қол салған.

35 жастағы Бота Балби күйеуі, үш баласы жән ата-енесімен бірге Тоғызқұдық ауылында тұрған. Әйел өте белсенді болған.  Мектеп асханасында жұмыс істеп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Тек жұбайымен қарым-қатынасы дұрыс болмаған. Өткен жылдың ақпан айында ол әпкесіне қоңырау шалып, күйеуі мен қайын енесі ұрғанын айтып, алып кетуді өтінген.

«Біз барған кезде денесінің көгеріп, ісіп кеткенін көрдік. Ол күйеуімен бірге тұрғысы келмейтінін және бұл алғашқы жағдай емес екенін айтты. Біз оны және екі үлкен баласын алып кеттік. Кіші қызын бізге бермеді. Теміртауда Бота полицияға арыз жазды, бірақ кейінірек оны қайтарып алды. Өйткені күйеуі кешірім сұрап, оған жалынып жүрді. Балалары үшін ол күйеуін кешірді. 22 қыркүйекте Бота ауылға үй шаруашылығына көмектесу үшін барды. Өйткені оған қайын енесі аурып жатып қалғанын айтты. Бірақ ол Теміртауға оралатынын айтып кеткен еді. Кіші қызын да әкелмек болған», — деді марқұмның әпкесі Сайран Балби.

Келесі күні таңертең де, содан кейін де Бота үйіне қайтып бармаған. Ботаның орнына күйеуі келіп, туыстарына әйелі жоғалып кеткенін айтқан. Сайранның айтуынша, марқұмның күйеуі өзін біртүрлі ұстаған.

«Күйеуі де, оның ата-анасы да Ботаны іздеген жоқ. Олар тіпті оның телефонына қоңырау шалмады. Полицияға арызды біз бердік. Ол тек 24 қыркүйекте тіркелді. Бірақ осыдан кейін де ешкім оны іздеумен айналыспады. Ал қызметкерлер оның үйін мұқият тексерген де жоқ», — дейді Сайран.

15 желтоқсан күні марқұмның күйеуі кісі өлтіргенін мойындаған.

«15 желтоқсанда Ботаның күйеуі оны өлтіргенін мойындады. Бірақ соған қарамастан оны босатып жіберді. 16 желтоқсанда таңертең ол өзіне-өзі қол жұмсады. Бұған дейін ол және оның туыстары бізді Бота Сирияға кетті дегенге сендіргісі келді», — деді Сайран.

bairaq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.