Айдос Сарым Елбасыға қатысты біраз шындықтың бетін ашты

0 1 513

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым отандық белгілі журналист Гүлнәр Бажкенова берген сұхбатында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қаңтардағы қасіретті оқиға кезінде Алматыдан іс басқарушысы Абай Бисембаевтың жеке көлігімен алып шыққанын, әрі қарай чартерлік ұшақпен елордаға аттандырғанын айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Аманат» партиясына оппозициядан ауысқан қоғам қайраткері Айдос Сарым тәуелсіз Қазақстанның бірінші басшысының қаңтар қырғынына қатысы жоқ деп санайды.

«Жалпы алғанда экс-президенттің қатысы болмаған сияқты. Оған бұл қатты күтпеген жағдай болды. Көптеген туысқаны Дубайға қашып кеткенде, Алматыдан ұшып шықты. Өзінің күзет қызметіне сенбегені соншалықты, экстремистер әуежайды басып алар алдында іс басқарушысы Абай Бисембаев жеке көлігімен алып шығып, әрі қарай чартерлік ұшақпен елордаға, Нұр-Сұлтанға аттандырды», – деген сұхбат беруші мен оған сұрақ қойып отырған журналист мұндай ахуалдың қалыптасуы трагедияға тең екеніне келісті.

Депутат тұңғыш президент пен оның отбасы мүшелеріне белгілі бір кепілдіктер беретін заңның жаңа Конституция қарастырылған кезде өзгеретініне сенімді. Алайда саясаткер егер бірінші президенттің қандай да бір қылмысқа кінәсі тікелей дәлелденбесе, тиісудің қажеті жоқ екенін, себебі тарихи жетістіктері көп деп есептейтінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.