Айдос Ербосынұлы мансабындағы ең үлкен айқасқа шыға алмайды

0 333

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы мен ресейлік Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Боксшылар 17 сәуір Германияның Карлсруэ қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасуы керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен  жекпе-жек өткізетін еді, деп жазды vesti.kz. «Жекпе-жек болмайды, қарсылас коронавируспен ауырып қалыпты немесе қулықпен. Сауғып кет! Қолдау үшін бәріне рахмет!», — деп жазды Шведенко Instagram-да. Еске салайық, соңғы рет Айдос желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, ганалық Исса Самирді нокаутқа түсірген.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.