Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды

0 139

Түркістан облысында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы үшін кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Сарыағаш-Қазығұрт тас жолында Mitsubishi Carisma жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Opel Vectra-мен соқтығысқан еді.

Апат салдарынан Opel Vectra көлігінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Жарақат алған жолаушылардың бірі жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда, біраз уақыттан кейін ол да көз жұмған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлері барып, қажетті шараларды жүргізді. Тексеру барысында қарсы бетке шығып кеткен 45 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 345-1-бабы «Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді.

Тергеу айыптау қорытындысымен сотқа дейінгі тергеудің жинақталған материалдарын процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

Жәбірленуші тараппен татуласуына және сотталушының бұрын сот алдында жауап бермеуіне байланысты Mitsubishi Carisma жүргізушісі сот шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.