Абайдың асыл мұрасы насихатталды

0 416

Ерназар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай «Абайдың асыл мұрасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Оқырмандарды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыруды мақсат еткен жиында ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру көзделді.

Шара барысында кітапхана меңгерушісі Улжан Аликулова 10 тамыз Абай күнінің шығу тарихымен таныстырып өтті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Өмірбек Гүлнияз «Сенбе жұртқа, тұрсада қанша мақтап» атты өлеңін мәнерлеп оқып берсе, Оразбай Нұрдина «Желсіз түнде жарық ай» атты әнін әсем даусымен шырқап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.