Тәжікстан президентінің туысы қамауға алынды

0 308

Тәжікстан президентінің әйелінің немере інісіне үлкен көлемде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы кафеде болған жаппай төбелеске қатысты. Оқиға салдарынан 10-ға жуық адам зардап шекті, оның төртеуі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар.

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

Радио Озоди атап өткендей, Эмонали Рахмонның әйелінің немере інісі өз еркімен берілгенге дейін Данғарада емін-еркін жүрген, оны ұстауға ешкімнің дәті бармаған.

Нахшов қозғалған қылмыстық іс аясында қамауға алынды, алдын ала тергеу жүргізілуде, — делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Нахшов қамауға алынғанға дейін алтын өндіретін кәсіпорынды басқарған.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.