Алматылық той үстінде атыс ұйымдастырған (видео)
Алматы облысында той үстінде атыс ұйымдастырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алматы қаласының тұрғыны тілек айту кезінде сигналдық тапаншадан оқ атқан. Оның 26 жастағы азамат екені анықталды.
«Қазіргі уақытта 436-баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Сигналдық тапанша тәркіленді. Той ұйымдастырушылары мен мейрамхана әкімшілігіне де тексеру жүргізіледі»,– деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.