Қаратау қаласында жылжымалы екпе егу пункті үздіксіз қызмет көрсетуде

0 295

Жаһан жұртшылығын сарсаңға салған тәжтажал төндірер қауіп сейілмей тұр. Дүниені дүрліктірген пандемия сан салаға кесірін тигізуде.

Қазіргі таңда қалыпты өмірге қайта оралудың бір ғана жолы – қоғамдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Осы орайда таластықтардың екпе алудағы белсенділігін тілге тиек еткен жөн.

Талас ауданында бүгінгі таңда 4319 адам вакцина салдырып үлгерген. Талас аудандық Орталық ауруханасы бұл іске білек сыбана кірісіп, белсенділік танытуда. Аудандағы әрбір ауылда екпе егу пункттері тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы жылжымалы екпе егу пункті қала ішін аралап, халыққа қызмет көрсетуде. Аудан халқының 3465-і Sputnik-V екпесін қабылдаса, 784 адам, 60 адам отандық өнім -ты дұрыс көрген. Аурухананың қорында 1000 доза Sputnik-V, 406 доза Hayat-Vax, 40 доза Qazvac бар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.