Жетекші университеттің жетістіктері мол

0 438

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Тө­рағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Алматы қаласының өңірлік ком­м­у­никациялар қызметі алаңында онлайн режимде брифинг өткізді.
БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жетекші университеттің 2020-2022 жылдардағы басты нәтижелері мен жетістіктері және алдағы даму жоспары таныстырылды.

Ректордың айтуы бойынша, бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдегі 200-топ үздік ЖОО-лар қатарына енген Қа­зақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз университет. QS жаһандық рейтингі бойынша білім ордасы 165-орында. Ұлттық рейтингтерде де үнемі көш бастап келеді.

20 блогер бюджет қаржысына Алматыда қалай саяхаттамақшы?
26,7 миллионға жуық теңге бөлінеді
AIKYN.KZ
Университет мемлекеттік және халық­аралық стратегиялық міндеттерді шешуде айтарлықтай әлеуетке ие.

500-ден астам, оның ішінде алыс және жақын шетелдердің жетекші уни­верси­теттерімен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламалары жүзеге асы­рылуда.

Іске асырылып жатқан жобалардың жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгеден асады. Ғылыми мақалалар бойынша да көш­­басшы болып табылады және рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қа­­зақ­стандық жарияланым ҚазҰУ ғалым­­­­дарына тиесілі.

2020 жылы университет беделді «Вэб оф Сайнс» деректер қорының «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының үш номина­циясына ие болды.

ҚазҰУ ғалымдары COVID-19 інде­тінің алдын алуға белсенді атсалысуда.

Британдық «AVEVA Group plc» ком­паниясымен бірлесіп Инженерлік жоба­лау орталығы құрылды, ол компа­­нияның Орталық Азия өңіріндегі алғаш­қы өкілдігі болып табылады.

Университет жаһандық трендтерді ескере отырып, жаңа бағдарламаларды енгізуде. Атап айтқанда, Нейроғылым, Креативті индустрия, Цифрлық эконо­­­ми­ка, Экологиялық инжиниринг, Ме­­­­­­диа­ком­­­­муникациялар, Деректер туралы ғы­лым, Цифрлық мұрағаттану және құ­­­­­­­­­­жат­тану, Басқарудың интел­­­лектуалды жүйе­лері, Наноматериалдар және нано­­­­­­­химия.

Жоғары оқу орнындағы басым­дық­тардың бірі – студенттерге әлеуметтік қол­дау болып табылады. Қазіргі таңда бір мыңнан астам әлеуметтік осал санаттағы «оқу озаттары» мен «жақсы оқитын» сту­денттер оқу ақысына 10-нан 25%-ға дейін жеңілдік алып отыр. Демеушілер қата­рын­­­да 50-ден астам ұйым мен компания бар.

Университетте кадрлық әлеуетті да­мытуға ерекше назар аударылады. Ағым­дағы жылдың наурыз айынан бастап оқы­ту­­­­шылар мен қызметкерлердің жала­қысы 20%-ға өсті.Оқытушылардың мәр­тебесі және олардың университет да­муына қосқан үлесі артып келеді. Оқу орнында оқыту­­­­шылардың халықаралық қауымдас­­тыққа енуіне де үлкен көңіл бөлінеді.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 500 қазақстандық ғалым шетелдік тағылымдамадан өтетін болады.

Университетке халықаралық дең­гей­дегі ғалымдар, АҚШ және Еуропа ЖОО-ларында, оның ішінде Кембриджде сабақ беру тәжірибесі бар Уалбай Өмірбаев және Базбек Дәулетов сынды профес­сорлар тартылған. Университеттің 400-ден астам оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқы­тушысы» грантының иегері болып табылады, бұл елдегі гранттардың жалпы санының 20 пайызын құрайды.

Қазіргі уақытта университет каран­тиндік шараларды ескере отырып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды республикалық және халық­аралық іс-шаралар өткізуде. 19 мамырда көрнекті ақын О.Сүлейменовтің 85 жыл­дық мерейтойына арналған халықаралық онлайн конференция ұйымдастырылса, 31 мамырда «ҚР-ның мемлекеттік тәуел­сіздігі қалыптасуының саяси-құқықтық және экономикалық мәселе­лері: тарих және қазіргі заман» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген жеміс бағында 300-ге жуық алма, шие, өрік ағашы отырғызылды.

Ұлыстың ұлы күні қалашықта «Ағаш­тар аллеясы» ашылды. Онда ұжыммен бірге жалпы саны 300-ден астам қырым қарағайы мен алтай шыршасы отыр­ғызылды.

Ғылым қызметкерлері күнінде Сиверс алмасының 100-ге жуық көшеті егіліп, ол «Ғалымдар бағы» деп аталды.

ҚазҰУ ректоры сөз соңын: «Жалпы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім және ғы­­­­­­­­­­лым саласында айтарлықтай нәтижеге ие. Біз университетте 2021-2025 жылдарға арналған негізгі басымдықтарды кеңінен талқылаудан өткіздік. Ұжым ел ауқы­мын­да стратегиялық міндеттерді шешуге және уни­­­­вер­­­­ситетті одан әрі дамытуға ниетті» деп түйіндеді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.