АҚШ барлау қызметтері өзге ғаламшарлықтар жоқ дегенді дәлелдей алмады — БАҚ
АҚШ барлау агенттіктері америкалық әскери-теңіз күштерінің ұшқыштары байқаған атмосфералық құбылыстардың бөтен ғарыш кемелерімен байланысы бар екенін дәлелдей алмады.
The New York Times басылымының деректеріне сәйкес, арнайы қызметтердің материалдарында соңғы 20 жылда болған 120-ға жуық оқиға қаралған. Бұл құбылыстардың АҚШ армиясының технологиясына қатысы жоқ екені атап өтілді. Бұл — ұшқыштардың Үкіметтің құпия бағдарламаларына қатысы бар ұшақтарды көрді деген мәліметті жоққа шығарады.
«Үкімет зерттеліп жатқан құбылыстар бөтен кеме болуы мүмкін деген теорияны толығымен жоққа шығармауы керек», — делінген әкімшіліктің жоғары лауазымды тұлғаларының хабарламасында.
Бұған дейін Пентагон 25 маусымға дейін беймәлім ұшатын нысандар туралы есебін көпшілікке жариялайтыны хабарланған еді.