Жұрттың ашуын туғызған маңғыстаулық массаж жасаушыға сәбидің ата-анасы дән риза

0 274

Маңғыстау облысында шынашақтай сәбиді қинап массаж жасаған әйелге қатысты тексеру басталды. Буыны қатпаған баланы жұлқыған маман қазір жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал жұрттың ашуын туғызған массаж жасаушыға сәбидің ата-анасы дән риза, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

«Массаж жасаған апаға рахмет айтамын. Оған қояр арыз-талабым жоқ. Үшінші курсын аяқтадық. Дәрігерлер кеше тексеріп кетті», — дейді анасы.

Бейнеу ауданында болған оқиға әлеуметтік желіде көпшілік наразылығын тудырды. Арнайы медициналық халаты, не бетпердесі жоқ әйел тоғыз айлық сәбидің ішін басып, аяқ қолын жан-жаққа тартып массаж жасауда. Тіпті, жан дауысы шыққан сәбидің шырқырап жылағанына да мән берер емес. Баланың мойнынан ұстап, бір-екі рет сілкілеп те алады. Ал сәбидің анасы массаж жасаушыға «еш кінә артпаймын» деп отыр. Себебі бала неврологиялық ауруға шалдыққан, сол үшін арнайы массаж курсын қабылдауы қажет.

 

adyrna.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.