Ардагер ұстаздарға бас партия бағдарламасы түсіндірілді
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің аудандағы сайлауалды үгіт — насихаттық жұмыстары жалғасуда. Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Б.Жүнiсбеков, Ж. Әшірімбетовалар «Кандидат — қонақта» акциясы аясында ауданымызға еңбегі сіңген, ардагер ұстаздар Демьянова Зинаида Михайловна мен Оспанова Шахаркүл Канапияқызының үйiнде болып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
— «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Елдің жағдайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек нәзікжандылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы халық көңілінен шығып, артылған сенімді ақтауды көздейді. Міне, сондықтан халықтық партияға дауыс беруге шақырамын-деді, Б. Жүнісбеков.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берiлетiн болады.
Кездесу барысында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы- қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, болашақта «Халық үніне құлақ асатын» концепциясы негізінде депутаттардың қызмет атқаратыны жайлы айтылды.
Ардагер ұстаздар қоғамда өз орны бар, iскер жастарымыздың көп болуына тілектестігін білдірiп, патриот азаматтарымыз әрқашан еліміздің өсіп-өркендеуіне белсене атсалысуы керектігiн, алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқын-жастарға зор үміт артатынын тілге тиек ете келіп, ақ жарма тiлектерiн жеткiздi.
«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленді.