Биыл 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

0 253

 2021 жылдың басынан бері 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 

 1 маусымдағы мәліметке сенсек, 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі — 56,5%. еңбекке қабілетті жастан кішілер — 24% және зейнеткерлер — 19,5% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.