Парламент отырысына тырысқан шалбар киіп келген депутат жиыннан қуылды (фото)

0 268

Танзанияда парламент отырысына тырысқан шалбар киіп келген депутат жиыннан қуылды деп хабарлайды BBC. Танзания парламентінің отырысы кезінде жанжал туындады.

Депутат

Депутаттардың бірі Хусейн Амар Кондестера Сичвале есімді әріптесінің тырысқан шалбар киіп алғанына шағымданған. Ақыры ол депутаттың залдан шығып кетуіне себепкер болған.  Амар спикер Джоб Ндугаиға залда отырған депутатқа лайық киім кию керектігі туралы ескерту жасау керектігін айтты.

Депутат

Мәселен оған депутат Сичваленің шалбарды тырыстырып киіп алғаны мүлде ұнамаған. «Парламент – қоғам айнасы, ал кей әйелдер осындай киім кие отырып, заң шығарушы болғысы келеді. Олар адамдарға қандай үлгі көрсетпек?», — деп күйінді Хусейн Амар. Спикер депутаттың пікірін қолдап, Сичвалеге «лайықты киім киіп, содан кейін қайтадан отырысқа келуді» сұраған.

Депутат

 

Сичвале залдан шығып кеткен. Алайда, оның отырысқа қайтып келген-келмегені белгісіз. Бұл оқиға әйел-депутаттардың және әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Спикердің шешімін «әділетсіз» деп тапқандар оның Сичваледен кешірім сұрауын талап етуде. «Киімге емес, елді басқаруға қатысты маңызды істерге назар аударыңдар», — деп жазды желі қолданушылары.

Алайда спикер көпшіліктің сын-пікірлерімен келіспейді. Ол әйел депутаттардың киіміне қатысты шағым жиі айтылатынын алға тартып отыр.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.