«Кандидат — қонақта»

0 571

«Кандидат — қонақта» форматындағы іс-шара аясында «Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаттығына үміткер Нурумова Гүлдара Алданышқызы, Мойынқұм аудандық сайлауалды штабының төрағасы Исабеков Шахикерім Әміреқұлұлы, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалыбаева Аксана Жамбылқызы және партияның сенімді өкілі, ауданның «Құрметті азаматы» Сабыров Мұханбетқұл Мойынқұм ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауданның «Құрметті азаматы», тыл ардагері Шора Әміреқұлов пен ардагер ұстаз Қуаныш Құлмағанбетовтың үйiнде болып, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барысында мойынқұмдықтардың толғандыратын ең үлкен мәселе газ құбырын жүргізу екенін назарға алып, партияның аудандық сайлауалды бағдарламасында 2023 жылы Мойынқұм ауданының 8 елді мекенін газ жүйесімен қамтамасыз ету жоспарда бар екенін жеткізді. Бұдан кейін Гүлдара Алданышқызы 2021 жылы 10 қаңтарда болатын сайлауға ат салысуға шақырды.

 

«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық Сайлау қорынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.