Мерекеге орай қордайдықтар патриоттық шаралар өткізуде

0 361

Еліміздің ең ұлық мерекесі- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік » атты патриоттық акция өтті.

Аудандағы ерікті жастар акция барысында ауданның көрікті орындары мен көпқабатты тұрғын үйлерде Мемлекеттік Туды орналастырып, патриоттық әндер шырқап, флэшмоб өткізді. Өз кезегінде, жергілікті тұрғындарда акцияға қызығушылық білдіріп, ерікті жастарға қолдау көрсетіп, Әнұранымызды қосыла шырқады.

Осылайша қордайлықтар ең айтулы мерекені ерекше атап өтті.

Патриоттық іс-шараның мақсаты – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы Тәуелсіздігімізді бағалау және Мемлекеттік Туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтары мен орта арнаулы оқу орындарында орналастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.