Австриялық өнертапқыштар ақылды аяқ киім шығарды

0 275

Инновациялық құрылғы зағип жандарға арналған.

3 метр алда тұрған кедергіні сезіп, аяқ киім иесіне ультрадыбыс арқылы ескерту жібереді. Вибрация аяқ киімнің ішінде немесе смартфонда жасалады. Бұл қолға ұстаған таяққа қарағанда ұтымдырақ. Негізі құрылғы 2 бөліктен тұрады. Бірі тұтас аяқ киім түрінде. Екіншісі тұмсығына ғана кигізетін қыстырғыш ретінде. Бағасы – 3 мың 800 еуро.

Кәсіпкер Маркус Раффер: «Тумысымнан көзім нашар көреді. Ұзақ уақыт бойы түрлі құралдарды қолданып көрдім. Бірақ ешбірі көңілден шықпады. Содан аяқ киім ішіндегі ескерту жүйесі туралы іздене бастадым. Өзіме бірден ұнады. Негізі неше түрлі идеялар жетіп артылады ғой. Бірақ өміршең болатыны мүлде аз», – деді

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.