ТАРИФТІ КӨТЕРУ АРҚЫЛЫ СУДЫ ЖОҒАЛТЫП АЛМАУ МҮМКІНІШІЛІГІ АРТАДЫ
Тарифтің көтерілгені диханшылар үшін аса маңызды. Бұл өз кезегінде тозығы жеткен суармалы су каналдары жөнделіп, келген суды жоғалтып алмайтын мүмкіндігіміз арта түседі. Бұл жамбылдық шаруақожалықтарының айтқан пікірі.
«Қазсушар» РМК өкілдері Жамбыл облысына іс-сапармен барды. Онда Тараз қаласы, Жамбыл, Қордай, Байзақ аудандарының диханшыларымен кездесті. Жүрмелі жиында кезінде аталған мекеменің баспасөз хатьшысы Аслан Жеңісов шаруаларға тарифтің не себепті көтерілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұрынғы тариф кезінде РМК екі жылдың ішінде 4 млрд-қа жуық шығынға батқан. Яғни, негізгі қарыз қаражатын қайтару мен олар бойынша сыйақыны қалыпты режимде жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген.
«Бүгінгі таңда барлық гидромелиорациялық жүйелер тозған күйде тұр, сәйкесінше судың мол көлемі жоғалды. Соңғы жылдары су тапшылығы байқалатындықтан, су ресурстары жетіспей, проблема туындады. Су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жүктемені азайту мақсатында «Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту» инвестициялық жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен ЕҚДБ және ИДБ қарыздары тартылды, осыған байланысты республика бойынша бірыңғай тариф бекіту қажеттілігі туындады»-, деп атап өтті Аслан Жеңісов.
Жиынға қатысқан шаруалардың басым көпшілігі тарифтің өскенін қолдады. Жамбылдық шаруагер Гүлханыс Нұржігітова ғұмырының ширек ғасырында егіншілікті кәсіп еткен. Оның сөзінше, тарифті өсіру арқылы су шаруашылығындағы түйіткілді мәселелерді шешуге болады.
«Тарифтің көтерілгенін шаруалар болып біз әрине қолдаймыз. Себебі сол тарифті көтеру арқылы қажетті техникаларды алуға, каналдарды жөндеуге мүмкіндік болар еді. Осы арқылы біз шаруамызды керемет қылып жүргіземіз деген ойдамыз» -, деді шаруақожалық иесі Гүлханыс Нұржігітова.
Айта кетейік, Қазақстанда 1 мамырдан бастап каналдар арқылы су берудің жаңа тарифі бекітілді. Қазір фермерлер 1 текше метр су үшін 74 тиын төлейді.