Білім платформасының сапасы қандай?
Бұл сұраққа «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері жауап беруге тырысты. Нәтижесінде оқушылар қолданысындағы онлайн платформа жұмысына зерделеу жүргізген.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесі облыс әкімінің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында баяндалды.
Мониторингпен оқушылар қандай платформаларды қолдануда , оқу барысында қандай қиындықтармен кездесуде, ауылдық жерлерде интернет желісінің жағдайы қамтылды.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу сайтына жүргізілген мониторинг 2021 жылы Жамбыл облысы бойынша «Daryn.online» ЖШС-мен оқу платформасын орнатуға 73 млн. теңгеден астам келісім-шартқа жасасқанын көрсетті.
Жүргізілген мониторинг қала және аудандар арасында бөлінген бюджет қаражатымен оқушы санын салыстырғанда тепе-теңдіктің жоқ екендігін көрсетті.
Мәселен: Тараз қаласына 76 000 оқушыға 15 352 000 теңге қаражат бөлінсе, Байзақ ауданына 21 602 оқушыға 12 961 200 теңге бөлген. Оқушылар санының айырмашылығы 250% адам, ал бөлінген қаражат айырмашылығы 18%. Қордай ауданына 30 599 оқушыға 6 270 000 теңге қаражат бөлінсе, Байзақ, Меркі, Жамбыл аудандарына оқушы саны әлдеқайда төмен болуына қарамастан бөлінген қаражат әлдеқайда жоғары.
Жүргізілген мониторинг бюджет қаражатының бөлінуі кезіндегі тепе-теңсіздік барлық ауданда орын алғандығын көрсетті.
Сондай-ақ, жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша Талас ауданына «DarynOnline» платформасын енгізу бойынша ақпарат табылмады.
Сонымен қатар, «DarynOnline» платформасына зерделеу жүргізу барысында аудандық адалдық алаңы филиалдарының жетекшілері шалғайда орналасқан 55 мектеп оқушысынан сұрақ-жауап алды. Нәтижесінде оқушылар бірнеше ауылдарда интернет жылдамдығына және «DarynOnline» платформасының ыңғайсыздығына шағымданды.
Нақтырақ айтқанда, Байзақ ауданы Мырзатай ауылы Мырзатай орта мектебінің оқушысы Темірланқызы Диана және Дихан ауылының Дихан орта мектеп оқушысы Нұрдаулет Бақтиярұлы интернеттің жылдамдығы нашар, «DarynOnline» платформасы түсініксіз қосымша деп айтып өтті.
Ал, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының орта мектеп оқушысы Тоқсанбаев Наргиза аталмыш платформаның орнына, «Whatsapp» желісі арқылы ыңғайлы екенін басып айтты.
Аталған кемшіліктерді ескере отырып, Бюджет қаражатының тиімсіз қолданылуын болдырмау мақсатында, «Daryn Online» платформасын енгізуде бөлінген қаражаттың және аудандарға бөлу негізділіген толық зерделуді ұсынамыз.