Қытайда жойқын құйыннан бір адам қаза тапты
Қалалық билік мәліметі бойынша, Шанчжи қаласындағы құйын жергілікті уақыт бойынша 17:30-да басталып шамамен 30 минутқа созылған. Төтенше жағдай салдарынан төрт жергілікті ауыл зардап шеккен. Қатты желге қоса бұршақ та жауған.
240-тан аса ауыл тұрғындары эвакуацияланды, ал экономикалық шығын 5,12 миллион юаньға (шамамен 795 400 АҚШ доллары) бағаланады. Дәрігерлер зардап шеккендердің бірінің жағдайын ауыр деп бағалаған, ал қалғандары жеңіл жарақат алды.