Дезинфекция шаралары жүргізілді

0 429

Бүгінде көпшілік арасында коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын жеткізіп, дабыл қағуда. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз. Тіпті вирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін.

Қазіргі таңда елімізде де сақтық шаралары күшейтіліп, бірқатар өңірлер карантин жабылғаны белгілі. Індет жұқтыру қаупі жоғарылап, науқастар саны артқан соң, осындай шешім қабылданғаны тағы анық. Біздің облыста да атқамінерлер күні бұрын сақтық шараларын қолға алуда. Себебі, сақтансаң, сақтайды!

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесіне арнайы мамандар келіп, дезинфекциялаған. Жалпы, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне бұған дейін дәл осындай сақтық шаралары жүргізіліп, мекеме аумағына медициналық тазартқыш құралдары орнатылған болатын. Десе де, шартарапты алаңдатқан коронавирус індетінің алдын алу мақсатында жабық мекемеде жиі-жиі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу артық емес дейді мамандар. Шындығында, «»ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн-ақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.