Алматы-Самарқан бағытында жаңа халықаралық рейс іске қосылады
8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқан қаласы арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер іске қосылады
Рейстер А-320/321 типті әуе кемелерінде «Эйр Астана» (3,7 күндері) және Uzbekistan Airways (2,6 күндері) әуе компанияларының ұшағымен аптасына 4 мәрте жасалады.
«Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп мәлім етті Азаматтық авиуация комитеті.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Сонымен қатар, биылғы наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау — Үргеніш жаңа халықаралық рейсі іске қосылған болатын. Рейстерді SCAT және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды. Жалпы, қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан — Ташкент, Алматы — Ташкент және Ақтау — Үргеніш бағыттары бойынша 24 тұрақты рейс бар.