Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 қазақстандық қайтыс болды
21 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды.
2 маусымда КВИ-ден 26 137 адам (25 556 КВИ+ және 581 КВИ–) ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде стационарларда — 9 702 пациент, амбулаториялық емдеуде — 16 435 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастары ішінде:
- ауыр халде — 609 науқас,
- аса ауыр дәрежедегі жағдайда — 139 науқас,
- ӨЖЖ аппаратында — 84 науқас.
Кейінгі тәулікте 18 қазақстандық коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап өліммен аяқталған жағдайлар саны — 3 992.
2021 жылдың 2 маусымына коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпаратқа келсек, 31 мамырда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 123 жағдайы тіркелді, үш адам қайтыс болды және 60 адам айықты. 1 тамыздан бастап тіркелгендердің жалпы саны: ауру — 55 386, өлім — 916, сауыққандар — 51 433.