«Жауапсыз махаббат»: көшеде оқ атып, зейнеткерді жаралаған күдікті ұсталды

0 288

Алматы облысының Шалқар ауылында бір ай бұрын көшеде мылтықпен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды.

Күдікті сол күні 62 жастағы ауыл тұрғынының аяғын жаралады. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 25 сәуір күні түнде ол қызын іздеуге шығып, ауылда оқ атқан. Осыдан кейін зейнеткер ауыр жарақат алып, кейін бір аяғын кесуге тура келді.

«Оқ атқан Қаскелең қаласының 29 жастағы азаматы болып шықты. ҚР ҚК 99-бабы, яғни адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. 31 мамыр күні әр жерде жасырынып, қашып жүрген күдікті Тұрар ауылында қолға түсіп, қамауға алынды. Сол күні ол өзінің бұл әрекетіне алкогольді ішімдік ішкеннен кейін барғанын мойындаған. Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды», – деді ведомстводан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.