Түркия коронавирусқа қарсы шектеу талаптарын жеңілдетпек

0 296

Түркия елінің билігі COVID-19-ға қарсы жариялаған шектеу шараларын жеңілдетуді көздеп отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Министрлер кабинеті мәжілісінің қорытындысына байланысты өткізген телеүндеуде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді деп жазады түркиялық Anadolu агенттігі.

Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, билік коронавируспен күреске қарсы енгізген бірқатар шектеу шараларын жеңілдетпек. 2 маусымнан бастап, жексенбіні есепке алмағанда, кафетерий, кафе, шәйханалар, ойын-сауық парктері мен осы сияқты өзге де бірқатар нысандар таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс істей алатын болады.

Сонымен қатар Түркия президенті маусым айында үйден шығуға байланысты шектеу сенбі күні және өзге күндері сағат 22:00-ден кешкі 05:00-ге дейін өз күшінде болатынын жеткізді. Ал жексенбіде толық локдаун сақталады. Осыған дейін коменданттық сағат 21:00-ден таңғы 5-ке дейін енгізілген болатын.

Одан бөлек, Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2021 жылы коронавирусқа қарсы өзінің жаңа вакцинасын шығаруды көздеп отырғанын айтты. Айта кетейік, Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілген.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияға баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар нені білуі тиіс екенін жазған едік. Түркияға бет алған қазақстандықтар, жалпы барлық басқа ел азаматтары коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест тапсыруға міндетті.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.