Алматыда көпқабатты үйдің төбесі опырылды
Оқиға туралы Шолпан Әли Facebook-парақшасында жариялады.
«Алматылық үйлердің бірінде төбе опырылып, пәтер иелері мерт бола жаздады. Көпшіліктің айтуынша, үй Бұқар жырау бульварында орналасқан. Қала билігі жөндеу жоспарын белгілеген көшелердің шаршысында, онда тұрғын үйлердің бәрі тозған және сүріледі деп жоспарланған», — деп жазды ол.
Бостандық ауданы әкімдігі мәліметі бойынша, оқиға 30 мамырда түнде Бұқар жырау бульвары, 67-үй мекенжайында болған.
«Екі қабатты, екі кіреберісті 1956 жылы салынған үйдің төбе жабыны опырылды. Пәтерде 6 адам тұрады: төрт ересек, екі бала. Оқиға болған кезде үйде балалар болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді әкімдік өкілі.