Бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұр — Байден

0 264
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұрғанын айтты.

Америка көшбасшысы бұл мәлімдемені Вашингтон маңындағы Арлингтон ұлттық зиратында жасады.

«Демократияның өзіне қауіп төніп тұр, мұнда да, біздің үйде, бүкіл әлемде де», — деді ол.

Оның айтуынша, қазір әлемде «демократия» мен «авторитаризм» арасында күрес жүріп жатыр. Байден тыңдаушыларына АҚШ қарулы күштері Корея, Вьетнам, Ауғанстан және Ирактағы соғыстарда, жалпы бүкіл әлем бойынша ұрыс алаңдарында «демократия үшін күрес жүргізгенін» еске салды.

«Демократия — басқару формасынан да үлкенірек нәрсе. Бұл өмір сүру тәсілі. Бұл әлемді көру тәсілі. Демократия дегеніміз — халықтың күші. Халық билігі. Монархтардың билігі емес», — деді Байден.

Leave A Reply

Your email address will not be published.