Ер адам Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсте төбелес шығарды

0 242
Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсінде жолаушы жанжал шығарды.

 

Әлеуметтік желілерде ұшақ жолаушысы мен полиция қызметкерлері арасындағы төбелестің видеолары таралып жатыр. Кадрлардан бірнеше тәртіп сақшысының ер адамды қалай алып кетуге тырысып жатқандығы көрсетілген. Осы уақытта басқа жолаушылар не болып жатқанын түсіріп, араша түсуге тырысуда.

«Осы жігіттің кесірінен біз Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұша алмай отырмыз. Расталмаған мәліметтер бойынша, жолаушы жүктерін ұшақ салонына тіркеусіз алып келген, артық ақша төлегісі келмеген. Ол үлкен екі сөмкені ұшаққа кіргізбек болған және спервайзерді итеріп жіберді. Барлығын ұшақтан түсіріп, иттермен тексерді», — делінген сипаттамада.

Белгілі болғандай, оқиға 30 мамыр күні FlyArystan ұшағында болған. Әуекомпания рейс Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағытталғанын растады.

«Рейстен тіртіпке бағынбаған жолаушы болды. Оны ұшақтан шығау қиын болғандықтан, рейс кешіктірілді. Жолаушыға қол сөмкелерін біл сөмкеге біріктіру туралы бірнеше рет ескерту жасалды. Қалған жолаушылар осы оқиғаға байланысты ыңғайсыздыққа тап болғаны өкінішті. Алайда, авиакомпания ережелерін сақтамаған жағдайда, біз авиациялық қауіпсіздік процедураларын орындауға мәжбүрміз», — деді FlyArystan баспасөз қызметі.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.